Шымкенттегі №54-ші түзеу мекемесінде жұмыс киімдерін тігуге арналған тігін өндірісі іске қосылды. Жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасынан 160 адам жұмысқа орналастырылып, толық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді.
 Сотталғандар ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланға киім тігеді. Қазіргі уақытта 1,5 млрд теңге көлеміндегі киім тігуге мемлекеттік сатып алулар туралы алдын ала келісім жасалды. Сондай-ақ «Акниет» серіктестігімен мекеме арасында  шұлық, іш киім және төсек-орын бұйымдарын өндіру бойынша келіссөз жүріп жатыр. Жобаның мақсаты тек проблемалық мәселелерді шешу ғана емес, жалпы сотталғандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Айта кетейік, кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған мекемеде өнімдер көрмесі ұйымдастырлыды.