Енді жүргізушілер Сайрам тұрғын алабына қарай кептеліссіз жететін болады. Себебі едімекенді қаламен байланыстыратын Момынов пен Тіленшин көше қиылыстарында көпір құрылысы басталды. Жергілікті тұрғындар 20 жылдан бері шешілмей келген жол мәселесінің қолға алынғанына қуанып отыр. Ал ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы атқарылып жатқан жұмыспен танысу үшін Астанадан арнайы келіпті.   
НҰРЛАН ПАЙЗОВ – ТІЛШІ
-  400 мың тұрғынның  мәселесі шешілді. Енді Момынов көшесі мен Тіленшин көшесінің қиылысында көпір пайда болады. Бүгін басталған жұмысты көзбен көруге келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы арнайы келіп атқарылып жатқан жұмыстарды көріп,  жергілікті тұрғындармен тілдесті. Ал транспорт басқармасы болса жұмысты 2025 жылдың соңына дейін атқарып боламыз деп отыр.
Момынов пен Тіленшин көшесінде салынатын көпір темір жолды кесіп өтетін болады. Бұл көлік кептелісін азайтып, автколіктің еркін жүруіне мүмкіндік береді. Көптен бері көтеріліп келген мәселенің оң шешім тапқанына жергілікті халық қуанып отыр.
АББАС ШАМЫРЗАЕВ, ӘДІЛБИЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Шымкент қаламызға ос жерден бүкіл Сайрамнан бастап, Өтемі, Қарамұрт,Қасқасу көп ауылдарымыз бар екі көпір сол 15 тен артық ауылға жүретін жол еді. Жұмысқа баратын болсақ сағат 9 да жұмыста болатын болсақ жетіп бару қиын еді. Ерте шығуға тура келетін еді. Келген кезде переездің арғы жағы мен бергі жағыда кететін еді.     
АХМЕТ ҚАЛЫБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
300 мыңға жуық халық тұрады екен Сайрам өңірінде. Соның барлығы осы арамен өтеді. Таңертең сағат 8:30 дан 11 ге дейін пробка болдаы. Кешкі 4 тен 6-7 ге дейін пробка болады. Өте қиналыпкеткен едік. Мына мәселені шешіп жатқандарыңа үлкен рахмет.
 Жоба құны 13 миллиард теңгеге жуық. Енді басталған жұмыс биыл желтоқсан айында қолданысқа берілмекші. Құрылыс кезінде 15-тен астам кәсіпкерлік нысан мен тұрғын үй мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Қазіргі таңда бұзылатын үйлердің санын азайту үшін транспорт басқармасы жобаны қайта қарап жатыр екен.
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬДЕР ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Номативтік құрылыс мерзімі бізде екі жыл. Бірақ именно осы Момыновты бір жылда бітіруге мүмкіндік бар. Біз қазір парламент депутаттарынан сұрап жатқанымыз республикалық бюджеттен қосмша қаржы бөлуді сұрап жатырмыз. Өйткені қалалықбюджет мұның барлығын көтере алмайды. Тіленшинге келетін болсақ ол жерде біз жол өте тар үйлер көп ол 2025 жылға өтпелі болады. Сностар бұл жақта бізде проект бойынша Момыновта 15 нысан түсіп тұрған еді бірақ біз қазіргіт аңда оптимизация жасап сол нысандарың көбісін қысқартуға әкеліп жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені комерциялық нысандардан қашу мақсатында проектіні қайтып қарап жатырмыз.  
Көпір мәселесін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы бірнеше мәрте көтерген. Осы округтен сайланған халық қалаулысы көп жылдан бері айтылып келген проблеманың шешілуіне тікелей атсалысқан. Енді құрылыстың сапалы атқарылуын бақылауда ұстаймыз деп отыр.  
БОЛАТБЕК НАЖМЕТДИНҰЛЫ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
-   Шымкент қаласының бас жоспары өзгеріп Сайрам елді мекені қосылғалы бері 400 мың халық Шымкенттің шығыс жағында қалып кетті. Келіп кету қиын. Осы ауруханаға бару бар, жұмысқ аб ар тағы өзінің жұмыстарымен бар. Соның бары қиындап кеткенінің арқасында осы бүгінгі өте қиын жағдайға ұшырады. Соны шешу жолдары бойынша өзіміздің жұмысымызды істедік деп ойлаймыз. Бұл өткел біткеннен кейін жолдың мына жағын кеңейту бойынша жұмыстар ары қарай жалғаса береді. Бұл бір күнде бітетін нәрсе емес.
Транспорт басқармасындағылар темір жолдың үстінен өтетін көпір құрылысы кезінде халықаралық транзитке байланысты мәселе туындауы мүмкін екенін айтады. Деседе пойыздардың кестеден ауытқуына еш кедергі болмайды деп отыр.