Түркістанға қатынайтын әуе рейстерінің саны артады. Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай—Түркістан және Қарағанды—Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстер ұшады.
Бұл туралы Qazaq air әуекомпаниясы хабарлап отыр. Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай—Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды—Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуерейстерін іске қосты. Сонымен қатар 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған. Қостанай - Түркістан рейсі аптасына екі рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады. Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінің құны бір бағытта 31 000 теңге. Ал Қарағанды - Түркістан  рейсі дүйсенбі, сәрсенбі күндері қатынайды, бір бағытқа құны 20 000 теңге. Астана - Түркістан рейсі де дүйсенбі, сәрсенбі күндері қатнайды. Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.