Милы машиналар, яғни интеллектісі жағынан адамды он орайтын роботтар пайда болатын күн алыс емес. Осылай деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды инетеллекттің көз ілеспес қарқынмен дамып, адам айтса нанғысыз мүмкіндіктерге қол жеткізіп келетінін айтады. Оқушылар мен студенттердің трендіне айналған «ЧАТ ДЖИПИТИ» де күннен күнге жаңарып, сіз жолдаған кез-келген сауалға кең көлемде ақпарат бере алады. Жасанды интелектке дәнігіп, табиғи миын қозғағысы келмейтін студенттер, бұрындары айлап-жылдап жазылатын дипломдық, курстық жұмыстарды жарты-ақ сағатта жаздырып жүр. Өкініштісі, тосыннан келген қулықтың көшірме не көшірме емесін «антиплагиат» құрылғысы да анықтай алмай дал.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Міне мынау аты шулы «ЧАТ ДЖИПИТИ»! Кез-келген тақырыпта кең көлемді мәтін дайындап бере алады. Мәселен, менің дипломдық тақырыбым «Журналистиканың соңғы он жылдағы жетістіктері». Джипитиге осылай деп пәрмен беремін. Міне, бар-жоғы екі-үш секунд ішінде керекті мәтін дайын, маған ойланып-толғанудың қажеті жоқ. Жасанды интеллект дайындап берген мәтінді көшіріп аламын да, дипломдық жұмыс дайын.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университет прокректоры Ержан Керімбеков: «Бізде генеративті яғни жасанды интеллект көмегімен жазылған мәтіндерді анықтай алатын арнайы құрылғы бар» дейді.
ЕРЖАН КЕРІМБЕКОВ, Ө. ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
– «Бұл функция бар. Генеративті тексттерді анықтайтын функция бар.» – «Студенттердің ондай мәтіндерді қолдануына біз жол бермейміз» - Сутденттердің ондай мәтіндерді қолдануына біз жол бермейміз. Яғни біздің студенттер дипломдық жұмысына тек өздерінің креативті ойларын ғана жаза алады.» //
Шетелге шығу деген "Барсакелмеске" кету деген сөз емес. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «Мемлекет жастардың шетелде білім алуына кедергі жасамайды. Керісінше қолдау көрсетеді» деп, ашып айтты. Президент пікірін Роза Сәтқызы да қоштайды. Оның ойынша, ата-ана баласын шетелге жіберуден шошынбауы керек. Білімін дамыған мемлекеттерде жалғап, тәжірибесін жетілдірген маман – сапалы кадр саясатын жетілдіреді.
РОЗА СӘТҚЫЗЫ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
– «Дәстүрлі тәрбие сынды құндылықтарымызды ұмытпай жастарымыз мол тәжірибе жиып келіп, жарқын болшаққа, ел экономикасына үлес қосады.» -
Мемлекет басшысы өз пікірін: «Ұл-қыздарымыздың жаңа технологияларды меңгеріп, Қазақстанға қайта оралғаны жөн. Елімізде білікті мамандардың аяғын жерге тигізбей, қағып әкететін салалар көп» деп түйіндеді.