Шымкентте 300-400 мың теңге көлемінде зейнетақы алатын қариялар бар. Бұл егде азаматтарға берілетін қаржы мөлшерінің жоғарғы көрсеткіші. Ал ең төменгі зейнетақы көлемі 32 мың теңгені құрайды. Бұл бұрын-соңды жұмыс істемеген, зейнетақы қорына мүлдем ақша түспеген кісілерге берілетін базалық сомма. Осылай деген Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің өкілдері баспасөз отырысын өткізіп, саладағы өзгерістер мен толықтырулар ретін баяндады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Қартайғанда мол қаржы ұстап, көлемді зейнетақыға қарық болуды қалсаңыз, талаптарымен таныстырайын. Ең көп зейнетақы алатындар базалық, ырықты жарнасы қалыптасып, оның 10 пайызын төленгендер. Байлыққа белшеден бату үшін әйелдердің әлеуметтік статусы, көп балалы ана болуы да маңызды. Қуғын-сүргін азабын тартқандар үшін де мемлекет зейнетақы мөлшерін еселейді.
ЕРЖАН ЕРМАХАНҰЛЫ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Базалық зейнетақы, ырықты зейнетақы көлемі бар. НПВ-тен төленетін 10 пайыздық жарнасы, көпбалалы ана болу, қуғын-сүргін азабын тартқандарға төленетін ақшалар қосылып 200-300 мыңға дейін жетуі мүмкін»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Айлық есептік көрсеткіш көлемі 300 теңгеге өсіп, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне 4918 теңге қосылған. Баланың тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы да көбейген. Үш балаға дейін мемлекет 149 416 теңге төлесе, төртінші балаға – 247 716 теңге береді. Жұмыс істемейтін әйелдер бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайын сәби санына қарай 34 995 теңгеге дейін жәрдемақы алып отырады.
ЕРЖАН ЕРМАХАНҰЛЫ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– Жәрдемақы мөлшері мен зейнетақы көлемі артты. 8,5 пайызға.»
Баспасөз отырысында спикерлер саладағы салмақты мәселелерді сараптап, журналистер сауалына жауап берді. Департамент жоспарларымен бөлісіп, өзгерістермен бөлісті.