Енді «Каспи қосымшасы» да бақылауда. Бұдан былай 3 ай қатарынан 100-ден аса аударым жасап, ол турасында есеп бермеген қолданушы көлемді айыппұл арқалайды. Салық органы мұндай азаматтан көлеңкелі бизнес өкілі деп күдіктеніп, тексеріс жүргізеді. Ереже бұзып, айыппұл арқаламас үшін нені ескеру қажет? Енді мобильді аударымдар аясы тарыла ма? Тілші тарқатып айтады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Иә, тексеріс қатаң. Талап күшейді. Алайда, баспасөз отырысын өткізіп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген кірістер депертаменті «шошынатын түгі жоқ! Лемиттен өтіп, межелі аударымнан асып кетсеңіз – департаментке келіп аударымдарды кәсіпкерлік мақсатта жасамағаныңызды дәлелдеп беріңіз. Сонда атыңызға айыппұл жазылмайды», - дейді.
САПАРБЕК ЕШАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Кәсіпкерлік мақсатта аударым жасалмаса... Бір айда сізде той болуы мүмкін, туған күн болуы мүмкін. 100, 1000 аударылым жасалуы мүмкін. Оны департаментке түсіндіріеді, оған ешкім айыппұл салмайды.»
Осыған дейін 3 кезеңі жүргізілген жалпыға бірдей декларациялаудың 4-ші кезеңі де басталды. Бұған дейін лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлері, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер есебі алынған. Жалпы 210 мыңнан аса азамат декларациялаудан өткен. Ал енді жеке практикамен айналысатын тұлғалар, яғни адвокат, медиатор, нотариус сынды мамандар табыс көрсеткішін растап, тиісті декларацияны толтыруы шарт. Сондай-ақ сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар да кірістерге есеп беруі тиіс. Бұл қатарға банктердің, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары да кіреді. Яғни белгілі бір банктың 10 пайыздан аса акциясына иелік етер болсаңыз декларация есебін тапсыруға міндеттелесіз.
САПАРБЕК ЕШАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Бұл жердегі ең үлкен өзгеріс.. Бұлай дейтініміз басқа шарттар бұрынан бар. ҚР аумағында және одан тыс жерлерде 20 мың АЕК-тен асатын мүлкі бар азаматтар оны тіркеп, кіріс-шығыс есебін беруі шарт.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Декларациядан жалтару немесе жалған мәлімдеме жасау – заң алдында жауапкершілік арқалауға әкеп тірейді. Яғни кіріс-шығыс есебін беру кезінде тиісті активтер мен оның құнын азайтып не көбейтіп көрсетуге тыйым салынады. Мұндай құйтұрқылық жазасыз қалмайды. Декларациялардың нормаға сәйкестігін және оның рас-өтірігін арнайы мамандар қадағалап, тексеріс жүргізеді.
САПАРБЕК ЕШАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Шетелдегі мүлкін жасырып қалған жағдайда арнайы конвенция тексеріс жүргізіп анықтайды. Әрі қарай ол іспен антикор шұғылданады»
Баспасөз отырыс әрі қарай сұрақ жауап форматына ауысып, жауапты тұлға журналистер жолдаған сауалдарға тұщымды жауап берді.