Үкімет бюджет-салық және тариф саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр. Бұл туралы Олжас Бектенов мәлімдеді.  Жаңа жобаға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Осылайша, Үкімет арнайы сарапшылар тобымен бірлесіп, жаңа тәсілдерді жан-жақты талқылауы қажет. "Әсіресе, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар мәселе бар", - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, министрлерге "қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет" деп талап қойды.
 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ  
Президент "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз.