Түркістан облысының полицейлері жол құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетті. Құқық қорғау қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан кептеліп қалған жүк көліктерін қар құрсауынан шығарды.

Түркістан облысының автожолдарындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр. Облыстық ПД патрульдік полициясының қызметкерлері жол бойында тұрып қалған жүк және жеңіл автокөліктерін ертіп жүрді.

Бұл жолдардың қауіпті учаскелерінде және нашар көріну жағдайында жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды.Өз кезегінде жүргізушілер тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі және көрсеткен назары үшін алғыс білдірді.