Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың кіріс-шығысы есептеледі. 2025 жылдан бастап енгізілген жүйе мемлекет қаржысын алаяқтық жолмен алғысы келетіндердің жолын кеседі. Яғни отбасы мүшелерінің айлық табысы банк шоттарындағы аударымдардан асып кетсе, мұқтаж деп танылмайды. Әлеуметтік көмек үлестірудің тағы қандай жаңашылдықтары бар? Тілші тарқатсын.
ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар нәтижесін беріп отыр. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын шымкенттік 480 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысып, 308-і тұрақты жұқмыспен қамтылған. Осылайша мегаполисте әлеуметтік көмекке қол созатындардың қатары сейіліп келеді.
ЖАНАТ ӨТЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жаңа өзгерістер азаматтардың шығыстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіруді көздейді. Шығыстардың төмендегі көрсеткіштері ескерілетін болады: Жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алу. Отбасы мүшелерінің шығыс операциялары кедейлік шегінен асуы. Жеке жинақ депозиттерінің 200 АЕК-тен (2024 жылы 690 000 теңгеден) жоғары болуы.
Енді учаскелік комиссиялар цифрландырылмақ. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген тұлғаның үй-жайы мен тұрмысын тексеруге барған маман сол жерден геолакация тәсілімен жүйеге енбек. Арнайы мобилді қосымша арқылы сол жерден фото-видео есеп автоматты түрде жолданады.
ЖАНАТ ӨТЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
АӘК тағайындау процесінде формальдылықты азайту үшін учаскелік комиссиялардың жұмысы автоматтандырылады. FSM Social мобильдік қосымшасы енгізіліп, отбасылардың материалдық жағдайы туралы мәліметтер цифрлық форматта тіркеледі. Бұл тәсіл зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз етеді және шешім қабылдау уақытын қысқартады.
ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Сондай-ақ, отбасының медиандық кірісінің 35 пайызы деңгейінде есептеледі. Ал бұған дейінгі 1,5 жасқа жетпеген және мектеп жасындағы балалар үшін тағайындалатын көмектер өз қалпында сақталады. Айтып өткен жөн, желтоқсаннан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін газ тұтыну кезінде арнайы жеңілдіктер қарастырылған.