Елімізде зейнетақы 8,5 пайызға, жәрдемақы мөлшері 6,5 процентке өсті. Жауапты министрлік мұны айлық есептік көрсеткіш көлемінің 3932 теңгеге көтерілуімен байланыстырып отыр. ГРАФИКА-1:  Ресми дерекке сәйкес, базалық зейнетақы енді 32 мың теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 мың 771 теңгеге жетті. Бұдан бөлек, 1 қаңтардан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 101 мың 702 теңге төленеді. Ал екінші топтағыларға 81 мың 362 теңге, үшінші топтағылар 55 мың 474 теңге алады. ГРАФИКА-2:  Жауапты ведоствоның айтуынша,  енді 3 балаға дейін туғандарға 149 мың 416 теңге, ал 4 және одан да көп бала туған аналарға 247 мың 716 теңге бір реттік сыйақы беріледі. Ал 4 баласы бар отбасы енді ай сайын 60 мың 30 теңге, 7 бала тәрбиелеп отырғандар 110 мың 332 теңге алады.
АСҚАР АЙМАҒАМБЕТОВ - ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тиісті әлеуметтік төлемдерге 6 трлн қаражат қарастырылып отыр. зейнетақы  төлемдеріне 2,5 млн зейнетақы алушыларымыз бар, қалған 2 млн-нан астам мүгедектігіне байланысты, асырап алушысынан айырылғандарға, көп балалы аналарға бөлінетін төлемдер
Бұдан бөлек, қыркүйек айында шәкіртақы да 15-20 пайызға көбейеді. Биыл тек ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалды. Ол қазір 85 мың теңге. Экономист маман мұны бірқатар себеппен байланыстырады.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ – ЭКОНОМИСТ
 бюджеттің өткен жылғы табысы өте төмен болды да, 3 трлн-ға жуық ақша түспей қалды, сондықтан ең кіші жалақы өзгермеді. Бірақ кәсіпкерлер ең жалақыға қарамастан, өздерінің жалақысын көтере беруі мүмкін, ал бюджеттегілер бірқалыпты қалады деп есептейміз. Сондықтан біз бюджеттің табысын көбейтуіміз керек.