Түркістан облысында мемлекет тарапынан тұрғындарға әлеуметтік қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді. 2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылды. Көмекті алушылар саны шамамен 5 млн-ға жетіп отыр.
Былтыр 94,8 мың адамға, яғни, 15,8 мың отбасыға 6854,2 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 4,4%-ын құраған. АӘК алушылардың еңбекке қабілетті 19,3 мың адамы жұмыспен қамтылды. Биыл аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы 29,7 мың баласына 1193,2 млн теңге бөлініп, қосымша әлеуметтік төлем тағайындалды. Өңірде жұмыс орындарын ашу, тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беріліп жатыр. Әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қолдаулар тұрақты түрде беріліп отыр. Жаңа жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 125 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланды. «Еңбек» бағыты бойынша 2025 жылға 32 млрд теңге қарастырылған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды. Айтып өтейік, былтыр 216 мыңнан аса адамды түрлі әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 12,2 млрд теңге бөлінген.