Авторлық құқықты бұзып, тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар 1,5 млн теңге айыппұл төледі. Былтыр Шымкент қалалық әділет департаментіне контрафакті мәселесімен азаматтардан 67 өтініш түскен. Жоспардан тыс жүргізілген бақылау жұмысы нәтижесінде 18 заң бұзушылық анықталып, заңсыз айналымдағы тауарлар жойылды.    
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:

Қазіргі таңда тауар таңбасын құқық иесінің келісімінсіз пайдаланатындар көбейген. Дүкен сөрелері мен базарларда әсіресе, тәттілер мен химиялық тауарлардың таңбасын заңсыз пайдаланатындар көп. Авторлық құқығы бұзылғандар әділет депаратментіне жиі шағым түсірген.
САНЖАР ИДАЯТ, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ  
 Егер құқыбұзушылықты жеке тұлға жасайтын болса 20 АЕК салынады. Шағын кәсіпкерлікке немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ең бірінші бізде кезедесетін қиындықтар тексеруде біз тексеру кезінде кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сай жүрзіземіз. Ол жақта барлық деректерді келтіру керекпіз.
 Өткен жылы әділет органдары бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша 18 тексеру жүргізді. Нәтижесінде Кит Кат, Нестле, Метилан, Сейфгард, Джин, Пакпая секілді тауар таңбасын заңсыз пайдаланғандар анықталған. Күнделікті қолданыстағы тауарлар тәркіленіп, 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға барлығы 1 479 552 теңге айыппұл салынған.
САНЖАР ИДАЯТ, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ  
2024 жылдың қорытындысы бойынша әділет депаратментімен зияткерлік меншік саласына қатысты 67 өтінім келіп түскен болатын. ӘД қызметкерлерімен 18 субектілік жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі орын алып, тиісті құықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен айыппұл салынып, контрафактілер тәркіленіп, жойылуға жатқан.  
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:

Әділет органдары зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Айта кетейік, тексерулер құқық иеленушілердің өтініші негізінде жүргізіледі.