Ұлттық құрылтай қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешу жолдарын ұсынатын ықпалды алаңға айналып келеді. Қоғам белсенділері мен құрылтай мүшелерінің пікірі осындай. Бұған дейін Ұлытауда өткен алғашқы жиында 42, Түркістанда – 106 ұсыныс түскен. Атырауда өткен басқосуда 149 бастама көтеріліп, жыл соңына дейін тоғыз заң қабылданды. Атап айтқанда, биыл әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы заң, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика туралы заң қабылданды. Сондай-ақ, Президент вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы құжатқа қол қойды. Есірткі өндіргендерге жаза күшейіп, тасымалдаушыларға жаза сәл жеңілдеді
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Сол закладчиктер мен есірткіні дайындайтын, тарататындардың жазасы бірдей болған. Осы мәселені ата-аналар сотталғандардың қоғамдық үлкен дау болып, депутаттар бастама жасап, бірнеше рет түсіп қалған жастарды жеңіл жаза беру, ал енді ұйымдастырушылар, таратушылар өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жауапкершілікті заңға енгіздік.
  ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Ұлтттық құрылтай ашық диалог алаңына айналудың, қоғамды пікірлерді алға жылжытудың негізгі тірегіне, сонымен қатар, облыс орталығындағы ғана емес алыс өңірлерден келген мәдениетке ғылымға, шаруадан болсын, еңбек адамының көзғарысының тоғысқаны, нақты стратегиялық тұжырымдар алаңы деп білемін.