25 мұқтаж отбасына азын аулақ азық-түлік таратылды. Наурыз мейрамы қарсаңында Жастар ресурстық орталығы жанындағы еріктілер ұйымы тұрғындарды осылай қуантқысы келген. Бұл акцияны қала кәсіпкерлері де қолдап, демеушілік жасапты.

37 жастағы Анжела Оңғарбек көпбалалы ана. Әл-Фараби ауданының тұрғыны акцияға қатысуға ұсынысты бірден қабылдапты. Мереке қарсаңында көңіл бөліп отырған волонтерлерге алғысын білдіреді.

Негізгі мақсат – көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету арқылы Наурыз мейрамының құндылықтарын дәріптеу. Оған қоса бұл бастама жастар арасында қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталған.

Концерттік бағдарлама барысында ұлттық ән шырқалып, би қойылымдары ұсынылды. Қатысушылар бұл шарадан ерекше әсер алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Үйлестірушілер осындай қайырымдылық жиын қоғамдағы жылу мен бірлікті нығайта түседі, - дейді.