Шаһар университеттерінде «Заңды білу заман талабы» тақырыбында кеңестік іс-шара өтіп жатыр. Бұл жолы жиын Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінде ұйымдастырылды. Студент жастарға полиция департаментінің қызметкерлері қоғам дертіне айналып бара жатқан есірткі қылмысының алдын алу бойынша түсіндірмелік жұмыс жүргізді. Заң өкілдерінің сөзінше Шымкентте кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыс азайған.
Есірткі қылмысы қоғам дерті. Қазіргі таңда жастар арасында тыйым салынған затқа әуестік артып келеді. Олқылықты болдырмау үшін құқық қорғау қызметкерлері алдын алу шараларын ұйымдастырып жүр. Қаладағы 9 жоғарғы оқу орнының студенттерімен кеңестік жиын өткен. Енді колледждерде ұйымдастыру жоспарда»,- дейді ұйымдастырушылар.
БЕКАРЫС БАХАДЫР, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл іс-шара университет тарапынан біткеннен кейін алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары яғни колледждерде ауқымды қылып ашық аспан астында заң саласының қызметкерлерімен өткізу жоспарымызда бар. Одан бөлек қаңтар айынан бстап орталықтың бастамасымен есірткіге қарсы қозғалыс, есірткісіз болашақ тобы құрылған болатын. Құрамы негізінен көшбасшыс жастардың басы біріккен. Негізгі мақсаттың бірі қалада қандай да бір есірткіге қарсы іс-шара болса топ болып жүзеге асыру оны ары қарай жастарға кеңінен насихаттау болып табылады.
2024 жылы есірткі қылмсына қатысты заңбұзушылықтың 500 ден аса дерегі тіркелген. Жауаптылар биыл жыл басынан психотроптық заттың 50 ден аса фактісін анықтағанын айтты. Басымы интернет арқылы саудаланады екен. Сөздерінше жастар заңбұзушылыққа қаржы тапшылығы салдарынан баратынын айтады.
ДІНИСЛАМ ӘЛЖАН, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Прокуратура әр-бір қылмыстың себептерін анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізеді. Нәтижеснде құқықбұзушылық екенін білместен, білседе ақш жетіспеушілігінен болады. Бірақ жазасы оншалықты ауыр екенін білмейді. Сондықтан жастар арасында заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын және ол бойынша нақты есірткі қылмыстары бойынша жаза ауыр екенін, ауыр санаттағы қылмыстарға жататынын түсіндіріп жатырымыз.
Іс-шара барысында сала мамандары жастарға заңнамалық нормалар, құқықтық жауапкершілік, экономикалық қауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу тақырыптарында жан-жақты ақпарат берді.