4 мың абонент орталықтандырылған жарық жүйесіне қосыла алмай отыр. Себебі Ақжар қосалқы станциясы әлі күнге дейін іске қосылмай тұр. Оған құрылыс барысында электр сымдарының ұрлануы себеп болған. 2019 жылы қолға алынған жоба құрылысы 2023 жылы тоқтап қалған. Қазіргі таңда мердігер мекеме ауысып, жұмыс қайта жанданды. Ондағы жұмыс барысымен «AMANAT» партиясы Орталық аппараты жанындағы Партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов танысып көрді.
Ақжар қосалқы станциясы қолданысқа 2023 жылы берілуі керек еді. Алайда құрылыс кезінде 7,5 шақырым электр сымы ұрланып, салдарынан жұмыс тоқтап қалған. Қазіргі таңда мердігер мекеме ауысып, құрылыс қайта жанданды. Енді мамыр айында қолданысқа берілмекші.  
БАҚБЕРГЕН КЕНДЕБАЙҰЛЫ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
 Ұрлық болды, жер мәселесі болды сонымен уақыт созылып кетті жұмыстың. Енді қазір міне 19-на кабельдер келейіндеп отыр. Сол келсін жұмысты бастап әрекетін жасймыз.   Мына подстанциямыз 99 пайызға бітіп тұр. Тек қана кабельді күтіп тырмыз. Бағана айтып кеткендей ұрлық, жермәселесі болғанан кейін кабель соргы бар дайындауы бар, алып келуі бар, испытаниясы бар муфта салу керек оынң испытаниясы бар оын барлығы уақыт жұмыс.
 Жоба құны 6,6 млрд теңге. Оның 6,3 миллиарды меңгерілген. 110 киловолттық қосалқы станция іске қосылса жақын шағынаудандағы 4 мың абонет сапалы электр жарығымен қамтылмақ. Қазіргі таңда ұрланған сымдардың 2 шақырымы қалыпқа келтірілген. Келтірілген шығын көлемі де аз емес.   
 ШОҚАН АЙДАРБЕКОВ , ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
  7,5 километрді құрайды. Ол екі шақырымын алып келіп орнатып қойды.  Енді 5,5 километрі марттың аяғында күтілуде. –қанша шығын келді? – Мердігер мекеменің айтуынша 400 млн ға жуық шығын келген. Қазір кабелді кіргізгеннен кейін абаттандыруыбар қоршауы бар. Ішкі пуска наладка дейді қосып тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Құрылысы тұралап қалған станцияның жұмысымен «AMANAT» партиясы Орталық аппараты жанындағы Партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов аралап көрді. Партиялық сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан Ақжар электр станциясындағы мәселемен  танысып шықты.
ДӘУРЕН БИЖҰМАНОВ -  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
 «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкент қаласында бірнеше нысан құрылсы жүзеге асып жатыр. Оның ішінде әлеуметтік, мәдени, инфрақұрылымдық нысандар бар. Мен бүгін солардың біразын аралап шықтым. Әсіресе бүгінгі таңда проблемалық нысанға айналған Ақжар қосалқы станциясындағы құырылыс жұмысымен таныстым. Мердігер мекеме өкілі мамыр айының соңында жейін жұмыстарды аяқтаймыз деп отыр. Сәуір айында тағы бір рет келіп көремін. Айтқан уәделері қаншалықты орындарлып жатқанын бақылаймын. Сондай-ақ қанша жұмыс күші тартылатынынан хабардар боламын. Айта кететін жайт партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан нысандардың барлығы бақылауда.
Нысанның жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайды. Бұған дейін 13,6 шақырымға сым тартылған. Станцияға 110 киловольттық трансформатор орнатылып, «Забадам» және «Ақжар» қосалқы станциясының арасында ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 110 киловольт электр жабдықтары орнатылады.