Дулат Исабековтың рухына құран бағышталды. Классик жазушының шымкенттік жама-ағайындары Сейтжан қари Есжанұлы мешітінде  ас берді.   Ауызашарға келген  зиялы қауым дара  тұлғаны еске алды.

 Асқа жиылған қауым қайталанбас қаламгердің өмір жолын еске алды.  Дулат ағамызбен бір дәуір көшкендей болғанын  әңгімеге арқау етті. Әдебиет әлеміне өзіндік өрнек салған тұлғаны сағынышпен сөз етті.

БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Біздің танып білген жазушылардың ішінде шоқтығы биік Сонау ұлы жазушылардың қаламын ұстаған солардың жолын қуған Солар сияқты әлемге танылған жазушы еді.  
ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ  
 Бұл кісінің жазған шығармаларының барлығында адамдық адамгершілік береке ынтымақ және имандылық көбірек. Әсіресе әділеттілік адалдық жолындағы шығармаларын көп оқыдық.   
Қазақстанның Еңбек Ерін еске алу кешіне жазушылар, ғалымдар журналистер  зиялы қауым жиналды. Сондай ақ Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдерінің орынбасарлары мен маслихат төрағалары арнайы келді. Айтқандай Дулат Исабековтың 40 күндік асын Мегаполиспен облыс әкімдігі өткізуге ниет білдіріп отыр. .

БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, МАСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
 Бізде өздеріңіз білесізхдер Дулат Исабеков атындағы мектеп бар. Және шығармашылық топтар бар. Алдағы уақытта осы ағамыздың атына көптеген іс-шаралар жалғасын табады деп ойлаймын.

СЕРІКЖАН  СЕЙТЖАНОВ, МЕЦЕНАТ
 Бұл өмір өмір өзен деген осы ал бірақ Дулат Исабеков ағамыздың кейінгі жылдарда жазған Бөртенің өзі қандай Ол шығармада қазақ халқын танытып кетті.


Дулат Исабеков тұтас бір дәуірдің шындығын суреттеген қайталанбас қаламгер.  «Гауһартас», «Қарғын», «Сүйекші», «Жаужүрек», «Тіршілік», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Екі жиырма» сынды шығармалары қазақ прозасының алтын қорына енді. Драматургияда да  ерекше  қолтаңбасы бар. «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Мұрагерлер»,  «Жеті желкен»  пьесалары қазақ театр өнерінің жауһарына айналды.