Шымкенттің қай саласында болса да өсім бар. Құрылыс та қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, былтыр 1514 пәтер бюджет есебінен тапсырылған. Биылғы меже де жоғары. Баспана санынан бөлек, сапасы да артады.
Тұрғындар қазына қаржысына салынған үйлердің құрылыс сапасының сын көтермейтінін талай рет айтып жүр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен бүгінгі көшпелі кездесуінде де Тұран шағынауданының тұрғыны осындай арыз-шағымын айтты.
Шаһар басшысы да бұл мәселелермен таныс екенін, Тұран шағынауданындағы тұрғын үйлер әу баста ашық аймаққа салынып, коммуникациялық желілер соңынан жүргізілгенін жеткізді. Салдарынан бүгінге дейін түрлі мәселе туындап отыр. Әкім азаматтардың өтініші негізінде жөндеу жұмысын бақылауға алатынын айтты. Жалпы қалада енді салынып жатқан құрылыс нысандарына бақылау күшейді. Қандай да бір кемшілік анықталса, мердігер тарапынан жөнделеді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Құрылыс басқармасының есебінде кепілдік ме 197 тұрғын үй бар, 2024 жылы осы тұйрғын үйдегі 10382 пәтерден 656 кемшілік табылған. Мердігер компаниялардың есебінен жойылды».
Бұған дейін пайдалануға берілген тұрғын үйдің кепілдік мерзімі 5 жыл болса, енді ол мерзім 7 жылға артып отыр. Бұл мердігер компаниялардың жауапкершілігін мен тұрғын үйлердің сапасын одан әрі арттырады дейді, - жауаптылар.
Бүгінде Шымкентте бюджет есебінен 283,5 шаршы метрді құрайтын көпқабатты 57 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 31-інде құрылыс жұмысы биыл толық аяқталады. Осылайша, 2 412 отбасы жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайды.