Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрғындарымен кездесуі басталды. Алғашқы жиын Түркістан қаласында өтті. Аймақты дамыту барысы туралы баяндалған жүздесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары да тыңдалды.
Аймақта жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 452,6 млрд. теңгені құрап, 22 пайызға өскен. Жіліктеп айтар болсақ, өнеркәсіп саласында 34,8 млрд. теңгенің  өнімі өндіріліп 107 пайызға орындалған. Ал, инвестиция көлемі 400 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға артқан. Өзіндік кірістер 59,4 млрд. теңгеге жетіп, 20 пайызға ұлғайып отыр. Бұл ретте, салықтық түсімдер 39  млрд. теңгені құрап, 20 пайызға өскен.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қол қойып, рухани астананы дамыту міндетін жүктеді. Соңғы жылдары шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім бар. Бұл туралы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы айтты.
 Кездесуде тұрғындар жол, кәріз жүйесі, баспана, жер, мектеп, кәсіпкерлікке қолдау және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Инфрақұрылым, әлеуметтік түйткілдерді тарқатты. Өтініштер мен сұрақтар бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатыны айтылды. Кездесуден соң аймақ басшысы түркістандықтарды жеке қабылдап, талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар сан түрлі мәселелерді ортаға салды. Көпшілікті тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және коммуналдық мәселелер толғандыратыны белгілі болды. Азаматтарға баспана алу заңдылығы түсіндіріліп, жұмыстар ұсынылды. Кейбір мәселе сол мезетте шешілді. Көтерілген әрбір проблема жіті зерделеніп, тек заң шеңберінде шешімін табады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері барлық аудан, қалада жалғасатын болады. Жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылатыныңызды айта кетейік.