Қаладағы барлық абақтылар қала сыртына шығарылады. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін шаһар ортасындағы жабық мекемелерді орталықтан көшіру жоспарланып отыр.
Алайда түрмелер шаһардың қай бөлігіне қашан көшірілетіні әлі белгісіз. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мегаполистің сәнін кетіріп тұрған жабық мекемелер ертелі кеш сырқа шығарылатынын айтты. Бұл бағытта зерделеу жұмысы басталып кеткен. Мәселемен Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы да келіп танысқан. Әкімдіке нақты тапсырмалар берген.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Түрме мәселесі Ғабит Әбдімәжитұлының басты назарында. Келгелі бері айтып келе жатыр. Жәй айтып қана қоймай осы бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Күні кеше оншақты күн бұрын ҚР ішкіістер министрлігінің аппаратының басшылығы келді аралап жүріп көрді. Түрмені қай жаққа қалай көшіруге болатындығы бойынша біраз мәселелер талқыланып тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда ол жұмыс атқарылып жатыр. Ерте ме кеш пе? Мүмкін жақын арада, мүмкін сәл кейінірек  бұл іс жүзеге асатын болады.  Түрменің барлығы дерлік қаланың сыртына көшірілетін болады. Себебі қалада мегаполистің ішінде  түрменің тұрғандығы жіне оның қабырғасы сойдиып тұрғандығы өте ыңғайсыз бізде білеміз. Бізде Алматы мен Астана сияқты мегаполис деген атаққа ие болғымыз келеді.