Түркістандық полицейлер 40-тан астам ұрланған малды иелеріне қайтарып, барымталаудың 10 дерегін анықтады. Сақшылардың жүйелі жұмысы нәтижесінде жыл басынан бері тіркелген 13 мал ұрлығы дерегінің 10-ы ашылды. Ұрланған 71 бас малдың 41-і табылып, иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ облыс аумағында мал ұйымдастырған деген күдікпен 14 азамат ұсталып, барымталаумен айналысқан 4 қылмыстық топтың жолы кесілген.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Мәселен Мақтаарал ауданында мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен бір топ жас жігіттер ұсталды. Олар түнгі уақытта жайылымдық жерден ірі қара мал жымқырып, жүк автокөлігіне артып әкетіп отырған. Жәбірленушіге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Тәртіп сақшылары дер кезінде күдіктінің қорасынан қолды болған малды тәркілеп, заңды иесіне қайтарған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мал жаю ережелерін бұзған 1600-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, шара көрген. Қазіргі таңда жауаптылар жетекшілігімен барлық аудан - ауылдарда үй жануарларын сырғалау, таңбалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек. — деп хабарлайды Polisia.kz.