Бүгін Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды. Екі күнге жалғасатын жиында құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқыға салады. Ұлттық құрылтайдың бірінші күні 4 панельдік секция өткізіледі. Ол - Азаматтық қоғам; Мәдениет. Өнер. Руханият; Білім және ғылым; Әлеуметтік-экономикалық даму. Бурабайда ұйымдастырылған  Ұлттық құрылтайдан «Qazaqstan» телеарнасы ақпарат таратып жатыр. Жиынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Еске салсақ, құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытау, Түркістан және Атырауда ұйымдастырылды.