Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген тұлға ұсталды. Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтады. Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.