Соңғы жылдары мегаполисте өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Қаладағы өндіріс алаңдары  мен арнайы экономикалық аймақтар салаға серпін беріп отыр. Жалпы құны 323 млрд теңге болатын 304 инвестициялық жоба жүзеге асқан.  Салаға жауаптылар  биылғы жоспармен бөлісті.

Мемлекет басшысы шикізатты сақтау және оны терең өңдеу мүмкіндіктерін арттыруды тапсырған болатын. Осы бағытта қалада  өнімді қайта өңдейтін 50-ден аса кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Егістік жері аз, жайылымы жоқ халқы көп мегаполисте өңдеу өнеркәсібі маңызды.

ТАЛҒАТ МЕКЕНБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
    Оның басым бөлігі 25 тей ұн шығарушы кәсіпорын бар. Макорон өсімдік майы ірімшік сары май айран шұжық консервілер шығаратын кәсіпорындар тіркелген. 10 мың гектарға бидай егіліп 15 мың тоннадан аса өнім жиналды.
 
 Мегаполисте  жалпы аумағы 1276 гектарды алып жатқан  7 өндірістік алаң жұмыс істеп тұр. Оңтүстік АЭА, Тассай индустриалды аймағында өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындар баршылық. Арнайы аймақта кәсібін бастағандарға мемлекеттен көмек бар.

ЕРМЕК ТҰРМАНОВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Мемлекет тарапынан өңдеу өнеркәсібіндегі салаларға жер учаскелері мен инфрақұрылым мемлекеттен болады. Корпаративтік табыс салығынан босатылады. Жер салығы мен мүлік салығынанда босатылады. Импорттық баж салығы да

Қалаға тартылған инвестиция көлемі де жыл санап артып келеді.  Былтыр 761 млрд теңге инвестиция тартылған. Қаржының көбі құрылыс саласындағы жобаларға құйылған. Одан кейін өнеркәсіпті дамытуға бағытталған. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 88 млрд теңгеге 16 жоба жүзеге асқан.