1-ші наурыздан бастап темір жол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдеді.
Пойыз билеттерінің көтерілуі заңнамаға сәйкес, жоспарлы индекстеу аясында жүзеге асырылмақшы екен. Осы орайда әлеуметтік маңызы бар облысаралық және кейбір қала маңы бағыттарына қатынайтын пойыздарда жол жүру ақысы 7 пайызға дейін өседі. Бұл тасымалдаушы компанияның шығындарын өтеу үшін қажет.