Әр күні жұмыстан қайтқанда өзіңізге баға беріңіз! Генерал Мұрат Қабденов қол астындағыларға осылай деп кеңес берді. ҚР ІІМ Ержан Сәденов «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялап, іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Түркістан облысының Полиция департаменті құқықбұзушылықтың алдын алуға сақадай сай тұр.
ЛАУРА САРМАН, ТІЛШІ:
Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері құқық бұзушылық саны 3,1%, қылмыс саны 8,8% азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 9,5%-ға жақсарған. Құқық бұзушылықтарды анықтау 79%. Тергеу мен анықтау саласы бойынша сотқа 359 іс жолданып, былтырға қарағанда 99 іске көп болды. Қоғамдық орында жасалған құқық бұзушылықтар 2,4% төмендеген. Ал облыс бойынша 78 мың  әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара қолданылған. Жиында құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде алаяқтық алдын алу жайты айтылды. Өңірдің бас полицейі білім беру мекемелеріндегі буллинг, бопсалау, басқа да заңсыздыққа жол бермеу үшін басшыдан бастап мектептерге шығып, жұмыс істеуді тапсырды.  Департамент бастығы бірқатар басшыларға қатаң сөгіс беріп, кемшіліктерді жоюға уақыт белгіледі. Одан бөлек, министрліктің тапсырмаларын дер кезінде сапалы орындап, жеке құраммен жұмысты дұрыс ұйымдастыруды ескертті.