Шымкентте садақ атудан Азия кубогы сарапқа салынды. Спорттық іс-шара қазақ тарихының ұлт-азаттық шайқасында  ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен Жақсығұл батырды еске алуға арналды. Оған Азияның 11 елінен 150- ге жуық  мерген қатысты. Нәтижесінде екі жаттығу бойынша ерлер және әйелдер арасында Азия кубогының иесін анықтады.

 Астанада өткен  Көшпенділер ойындарынан кейін дәстүрлі садақ ату спорты қарқынмен дами түсті. Спорттың бұл түрінен әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізіле бастады. Шымкентте өтіп жатқан дәстүрлі садақ атуды Азия елдерінен келген мергендер алдағы уақытта өтетін әлем чемпионатына дайындық ретінде көріп отыр.  

МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ – ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Кешегі дүниежүзілік көшпенділер жарысында осы ұлттық дәстүрлі садақ ату программада болған болатын. Бізідң спортшылар ол жерде алтын медальға қолжеткізген болатын. Әрине Шымкент қаласында қызығушылық өте қатты дамытуда. Шымкентте орталық Қажымұқан  қасында садақ ату орталығы бар. Соны ары қарайда біз кеңейтіп осы дәстүрлі садақ атуға да жағдай жасауға тырысып жатырмыз.  

Азия кубогына Азияның 11 елінен 150-ге жуық спортшы келген. Жеңіпмаздар алдағы уақытта Корея елінде өтетін әлемдік жарысқа аттанатын болады.

 БОЛАТ ҚЫРЫҚБАЕВ  – ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРЕҒАСЫ

 Бұл жарысты Азия кубогына Қазақтың мықты батыры болған, Жоңғар шапқыншылығында мерген болып Жақсұғұл мерген деген қазақтың батыры болған. Осыған арнап өткізіп отырмыз. Болашақта осы Жақсығұл мерген атамыз сияқты қазақтың мықты жігіттері әлемде шыға береді дегенойдамыз.

 Жарыс қорытындысымен Пута стилі бойынша ерлер арасында бас жүлдені Ақмола облысының мергені  Азамат Нұртаев жеңіп алса, әйелдер арасындағы садақ атудан Батыс Қазақстан облысынан келген Әсемгүл Ғалымжанова топ жарды. Ал жамбы стилінде астаналық Ерлан Тапенов бірінші орынға қол жеткізсе, әйелдер арасындағы  бас жүлде Қырғызстаннан келген Шолпантай Өмірқұловаға бұйырды. Айта кетейік спорттық жарыстың жүлде қоры 4 млн 800 мың теңге. Барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйлықпен алғыс хат табыс етілді.