Анасын аңсаған балалар. Жетімдер үйінде тоғысқан түрлі тағдырлар. Көрерменнің көзіне жас тұндырған туынды. Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында жаңа премьера. Башқұртстанның Халық жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың  «Тастамашы Ана» драмасы көрерменге жол тартты.

Бұл хикая жүректі шымырлатар шындықтың жаңғырығы, өмірдің үнсіз айқайы. Айгиз Баймұхаметов шығармасында өз тағдырын суреттеген. Тағдыр тауқыметімен қос қарындасымен балалар үйіне тап болады.
 АЙГИЗ БАЙМҰХАМЕТОВ, БАШҚҰРТСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ
 Бұл кітапты мен 23 жасымда жаздым. Бұл жердегі жағдайлар,  деректер барлығы өз өмірімнен алынған. Бас кейіпкер өзім. Осы кітапты оқыған балалар ата-анасын, ал ата-аналар баласын қадірлесін деген мақсат болды. Жайшылықта барды бағалай білмейміз. Жақыныңды жоғалтқан кезде өкініштің ашшы дәмін татып жатамыз.

 Тағдырдың желі жүрекке сызат, өмірдің соқпағы жанға жүк. Сәби жүрек мейірім іздегенімен, оны қатал тағдырдың дауылы шарпып өтті. Көктемі гүлдемей жатып, қара бұлт торлаған Ілиястың балалық шағы суық уақыттың құрсауында қалды. Әке жылуы сөнген сәттен бастап, өмір оны сынақтың шексіз жартасына ұрды. Жетімхананың тас қабырғалары әділетсіздік пен қатігездіктің суық демін сақтап, балғын жүректе өшпес жара қалдырды.
 Айгиз Баймұхаметовтың бұл шығармасы осыған дейін Башқұрт, Татар Бурят мемлекеттік театрларында сахналанған. Елімізде Павлодар, Семей облыстары мен Жетісай ауданы өнерпаздары  шығарманы көпке ұсынған. Шығарманы қазақ тіліне аударған ақын, аудармашы Саят Қамшыгер.
САЯТ ҚАМШЫГЕР,  ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, АҚЫН, АУДАРМАШЫ
 Жұмат Шанин атындағы Шымкегнттегі қалалық академиялық театрында қойылып жатқанына ерекше қатты қуанып тұрмыз. Бұл кітап шыққаннан кейін оқырмандар өте көбейіп бұл кітапты қазақ тіліне аударған жайымыз бар.

Сахнадан төгілер әрбір сөз көрерменнің жанына сәуле сеуіп, жалғыз шындықты еске салады.  Анасы бар жан шын бақыттың иесі. Ал біз... біз барымызды бағалап жүрміз бе?