Шымкентте ғашықтар күні бірнеше жұп некесін қидырды Ал, студенттер арнайы махаббат бұрышын ұйымдастырды. Жастар осылайша бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен шынайы сезімдерін жеткізді.
Елімізде «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» күні ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше мейрам ретінде кеңінен танылып келеді. Бұл мерекеде бозбала мен бойжеткен бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен шынайы сезімін білдіреді. Жастар бұрынғыдай бастаңғы жасап, алтыбақан теппесе де атадан келе жатқан дәстүрді жаңаша кейіппен тойлап жүр. Махаббатына сүйіктілеріне деген сезімді де осы күні білдіруге тырысады. Ұлттық дәстүрімізді "Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күнінде жаңғырта білсек, шын мәнінде ұлттық нақыштағы "махаббат күніне" айналар еді" дейді көпшілік.
1. Махаббат деген өте ұлы сезім ғой. Ол махаббатқа күн таңдаудың қажеті жоқ,деп ойлаймын. Мен қолдайымын бұл мерекені. Адамдар бір-біріне сезімдерін білдіріп, бір біріне сезімдерін айтып жатқан болса ол өте керемет деп ойлаймын.
2. Көзқарасымыз жақсы азанымен жолдасым құттықтады.Бала-шағамызға үлгі болып. Шын сүйгендер бір-бірін сыйлап құрметтеп жүрсе соның өзі үлкен дәреже.
3. Қазақтың салт—дәстүрінде ұлттық құндылықтарымызды қарайтын болсақ ол сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлердің бірі. Ол жырға да қосылған,дастандарымыз да бар. Осылардың бәрі атадан балаға мұра болып келе жатқан құндылықтарымыз салт дәстүріміз,деп айта аламыз.
4. Өзіміздің қазақтың Қозы көрпеш-баян сұлуы бар,Қыз жібегі мен Төлегені бар. Қамарсұлуы бар.Осындай мерамдарды тойлаған дұрыс деп ойлаймын себебі бұл мейрамдар біздің жастардың кез-келген адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігін махаббатын білдіретін мейрап,деп ойламын.
5. Біздің кезімізде болған жоқ қой енді ол. Қазіргі заманға қарай жастарға ыңғайлы шығар. Жастар енді ынтымақ болса бір-бірін сыйласа дұрыс қой енді ол.
6. Қазір бұл мереке енді бізде дамып келе жатыр.Бұрын бәрі валентинді тойлайтын. Ғашықтар күні 15 апрель деп көбірек тойланып келе жатыр. Жалпы көз қарасымыз жақсы қазақтардың ғашықтар күні деп.