Мархабат Байғұттың шығармашылығына арналған апталық аясында «Жоғалған жұрнақ» драмасы сахналанды. Қойылым - егемен елдің ерікті ұрпағына, кешегі тарихтың басты кейіпкерлері қазақ жастарының Тәуелсіздік жолында кешкен қасіретін баяндайды.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының тағдырына арналған бұл қойылым – ұлт рухын қайта серпілткен, тарихтың ауыр жүгін арқалаған нәзік тақырыпқа батыл барған туынды. Шығарма авторы Мархабат Байғұттың көркемдік және азаматтық позициясы пьесада айрықша анық сезіледі. Режиссер Бекболат Құрманғожаевтың үш жылдық ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген қойылым алғаш 2021 жылы көрерменге жол тартқан. Содан бері көрермен ықыласына ие болып келеді.
РАХИЯ АПАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгінгі қойылым өте керемет өтті. Желтоқсан оқиғасынынң мән жайын анықтап көрерменге жақсы түсіндіріп өтті. СОл бір шаққа оралып сезіндік. Ауыр кезең өткірген. Жастардың сондай қиын кезең түсінбеушілік сондай қиын сәттерді жақсылап суреттеп көрерменге жеткізді.
Қойылым желісі Желтоқсан көтерілісінен кейін туған ауылына оралған жас жігіт – Жұрнақтың қайғылы тағдыры арқылы өрбиді. Ол шындықты айтып, ұлт мүддесі үшін алаңға шыққан ержүрек жастың бейнесі. Алайда қоғам оның еңбегін елемеді, жындыға балады, оның не үшін бұл күйге түскенін емес, қазіргі күйін күлкіге айналдырады. Бұл жерде жынды болған Жұрнақ емес, оның айналасындағы түсінуден, түйсінуден қалған, рухани бейшара күйге түскен орта екені көрерменге ашық жеткізіледі. Қоғам және мемлекет қайраткері, профессор Дархан Қамзабекұлы қойылымнан кейінгі пікірінде бұл драманың тарихи ғана емес, көркемдік жағынан да ерекше дүние екенін атап өтті.
ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР
Қазіргі қойлйм маған өте ұнады. Меніңше бұл біздің қазіргі жастарымызға үлкен бір ой тастайды. Өйткені қай кезде де қиын кезде болуы мүмкін тарихта болған. Сондай кезде адамның адамгершілігі, өмірдің, тіршіліктің жалғасуы ары қарай жүре беретінін дәлелдейді. Бұл тариха және көркемдік тұрғыдан алып қарағанда үлкен ауқымды шығарма. Мұны басқада режиссер қоюы мүмкін. Бірақ бұл қойылымның басты құндылығы осы желтоқсан тақырыбын көтерген алғашқы шығарма туындылардың бірі деп айтамын.
Қойылымдағы Алматайдың рөлін сомдаған театр актрисасы Ақмарал Амангелді өз сөзінде бұл шығарманың рухани салмағына тоқталды. Оның айтуынша, қойылым әр көрерменнің жүрегіне ой салып, рухани сілкініс тудыруға тиіс.
АҚМАРАЛ АМАНГЕЛДІ, Ж.ШАНИН АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Бұл «Жоғалған жұрнақ» деген драма. 2021 жылы Б.Құрманғожаев деген режиссер қойған. СОл кезден бастап мен дайындық процесінде бармын. Массовкада ойнадым. Одан кейін осы Алма рһліне соңғы бір жылдыңішінде түстім. Содан бері оайнап келе жатырмын. Менің тағы құрамым бар. Алмсып ойнаймыз.
Қойылым соңындағы Жұрнақтың «жынды» атануы шын мәнінде қоғамның өзі жынданып бара жатқанын білдіретін көркем ишара. Рухани құндылықтан, ұлт тарихына деген құрметтен алыстаған орта – нағыз трагедияның бастауы екенін еске салады.