«Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген Жол картасының орындалмай қалу қауіпі бар. Күні кеше Шымкент қаласында «Аманат» партиясы осы мәселені талқылады. Түйіннің шешілу жолдарын да айтты. Әріптесім Әсел Ерболқызы баяндайды.
«Білім беру мен денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында қаладағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жайында сөз қозғалды. Одан бөлек, білім ошақтарының медициналық кабинеттеріндегі құрал жабдықтардың жай-күйі кеңінен талқыланды.
БОЛАТ БЕРДЫБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бізде қазір жеке инвестициялар өте көп тартып жатырмыз. Осыған байлагсты, Құрсай қаланың шетіндегі елді мекенінде қазір 450 келушіге арналған емхана құрылысы жүргізілуде. Биыл екінші жартышылықта бітеді деген үмітеміз
Алайда, баяндама аясында бірқатар өзекті мәселелер де көтерілді. Мысалы, кейбір нысандарда жоспарланған көрсеткіштердің орындалмай қалу қаупі бар, дейді Болат Бердібеков. Осы проблеманы шешуге тырысқан кеңес мүшелері жол картасында көрсетілген, бірақ шешімін таппаған нысандарда көшпелі отырыс өткізуге бірауыздан келіскендей болды.
ЖАДЫРА НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ, AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ ШҚФ БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ
– Кеңес мүшелеріне тексеру кірмейді. Тек қана зерделеу. Біз осы кеңес мүшелерімен біргелікте бірнеше білім ошақтарына барып зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақытта да жұмыс жүйелі жүргізілетін болады. Одан бөлек, денсаулық саласы бойынша білшім, спорт саласы бойынша халықтың көкейкесті мәселелері болса, осы кеңесте қаралып әрі қарай зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жалпы жиынның басты мақсаты - нақты проблемаларды анықтап қана қоймай, олардың шешілу жолдарын ұсыну болды. Егер көрсеткіштер орындалмаса, ол – тек құжаттағы жоспардың бұзылуы емес, тұрғындардың сеніміне селкеу түсірумен тең. «Сондықтан, жұмыс қарқынын күшейтуіміз қажет» деп қорытындылады кеңес мүшелері.