«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. 20 сәуірден басталған іс-шара аясында құқық қорғау қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізіп, тіркеуде тұрған жандарға отбасыдағы зорлық-зомбылықтың зардабын түсіндіріп келеді. Бұл орайда Еңбекші аудандық полиция басқармасының мамандары белсенділік танытып отыр.


Былтыр Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойған болатын. Осыған байланысты енді ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қылмыстық жаза қарастырылған. Якубжан Махамбетовтің ағасы қамауда жатыр. Себебі ол жұбайына қол көтерген. Құқық қорғау қызметкерлеріне арыз түсісімен азаматты қамауға алған.


ЯКУБЖАН МАХАМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Менің ағам жеңгеммен өз үйінд ұрысып қалып ұрыс керіс болып содан мамама шыққан. Маманың одан хабары жоқ. Маманы көруге шыққан кезде участковой келіп ағамды алып кеткен. Содан осында іздеп келдік. Жоқ, полицияға түсу мұндай жағдай бірінші рет. Бұрын ондай болмаған ұрыс-керіс арыз жазу ондай болмаған.


20 сәуірден бері «Қазақстан отбасындағы зорлық-зомбылықсыз» атты ауқымды акция басталған болатын. Іс-шара аясында Еңбекші АПБ, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің мамандары профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрғындарға жаднамалар таратты.


 НҰРЛЫҚЫЗ БИТУҒАНОВА, ЕҢБЕКШІ АПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ОТБАСЫЛЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ

 Отбасы тұрмыстыққатынастар аясында құқық бұзушылық орын алған соң, оқиға орнына барған УПИ тарапынан құқық бұзушыға қатысты ҚРәҚБ туралы кодексінің 73 бабына сәйкес хаттама толтырылып сотқа жолданылады. Сондай-ақ жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР тұрмыстық зорлық-зомблық туралы профилактикалық заңына 20 бабына сәйкес құқықбұзушының үстінен 30 тәулікке учскелік полиция инспекторларының тарапынан қорғау нұсқама шығарылады.


 Қазақстан гендірлік теңдік рейтінгінде 62 орында тұр. 2006 жылы 32-ші болған. 19 жылда 30 саты төмендепті. Бұған әсер етуші фактор - әйелді құрметтемеу. Қосағына қол көтеріп, жұбына жұдырық жұмсайтындар заңға сәйкес 3 жылдан 8 жылға дейін бас бастандығынан айырылады.


 ШАДИЯР ПАЙЗОВ, ЕҢБЕКШІ АПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ОТБАСЫЛЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

 Осы акция аясында Еңбекші полиция бөлімінде тізімде тұрған тұлғаармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде Және де Еңбекші ПБ аумағында тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Және де тұрғылықты тұрғындарға жаднамалар таныстырылуда және таратылуда.


Айта кетейік, кейнгі бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиілеп, екі есеге өскен. Салдарынан 800-ден астам адам көз жұмып, 2000 мыңға жуығы ауыр жарақат алған.