Тәртіп сақшылары «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Жоба аясында есірткі қылмыстарының жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилактикалық тексеріс көзделген. Түлкібас ауданында тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар трассаларда күшейтілген режимде рейдтік іс-шара жүргізіп жатыр.


 Жүргіншілердің кіріп-шығуын бақылау мақсатында жылжымалы блокпосттардың жұмысы ұйымдастырылған. Бұл есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді. Жол апаттарын азайту және жолаушылардың жол ережелерін сақтау мәдениетін бақылау үшін жолдарды тарылту әдісі қолданылады. Тарылған жерде жүргізушілер жылдамдықты автоматты түрде төмендетеді және мұқият болады, -дейді жауаптылар. Өз кезегінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер мен QR-кодтары бар жадынамалар таратты.