Мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда уағыз айтып, діни материал таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тәртіп бұзушы 490 бабтың 1-де 3-ші тармағына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК көлеміне дейін айыппұл арқалайды.


ЕРЛАН ЕРҒАЛИЕВ, ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ

 – «Құранды кез-келген азамат осы университеттің ішінде жүріп таратамын немесе сатамын десе ол заңға қайшы әрекет.»Тек қана университетте емес, көшенің өзінде, дүкенде тарата алмайсыздар.»  «Заңдылықта көрсетілген қандай жерлерде діни ақпараттар таратуға болатыны жайлы. Яғни ол діни ғибадат үйлері. Діни білім беру орындары және жергілікті атқарушы орган рұқсат берген статционарлық органдар.» 


Әлеуметтік желіде парақша ашып, күдікті мұзмұнда діни материал тарататындар бар. Олар жас буын санасын улап, жат ағым жетегіне ілестіруі мүмкін. Сондықтан да мамандар әлеуметтік желідегі контенттерге анализ жүргізіп, ұдайы бақылап отырады.


БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

– «Дін мәселесін зерттеу орталықтарында мамандар бар. Аштишниктер бар, психолгтар бар, теологтар бар. Жастар санасын улайтын контеттер болса оған бірден көңіл аударып, дін істері мәслесі жөніндегі комитетке жолдап, соның жанындағы сараптама орталығы бар.. Сол сараптама орталығында ол шынымен де қауіпті, заңға қайшы болатын болса бізге қорытынды береді. Сол қорытынды нәтижесінде контент бұғатталады.» 


Мегполисте дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, түйіткілдерді шешу жөнінде өңіраралық тәжірибе алмасу конференциясы өтті. Республикалық маштабта ұйымдастырылған семинар-трениг екі күнге жалғасып, оған өңір-өңірден келген діни басқарма басшылары мен зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты. Жиында зайырлы қағидаттарды нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және деструктивті діни ағымдардың алдын алу жайы сөз болды. Іс-шара Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік қазақстан педогогикалық университетінің қабырғасында ұйымдастырылды. Оқу ордасының өкілі, жас буынға ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, айына бір рет тиісті мамандармен кездесу ұйымдастырылып отыратынын айтады.