Пробация есебіне тіркелген 20 азамат заң тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Еңбекші ауданында сотталғандар тізімінде 289 азамат тұр. Олардың отыздан астамы нәзік жандылар.


Өз есмін атамауды өтінген мына жігіт кәмелет жасқа тола салысымен сот үкімімен қолына кісен салынған. Ол достарымен бірге топтық төбелеске араласқан. 7 айдан бері Еңбекші аудандық пробация бөлімінде есепте тұрады. Айына үш мәрте келіп тіркеуден өтеді.


Жыл басынан пробациялық есепке 389 азамат тіркелсе оның 15-і әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар екен. Бөлім мамандары мен Еңбекші аудан әкімдігі 7 сотталушының жұмысқа орналасуына жәрдем берсе, есептегі 9 азамат квота арқылы екі қолға бір күрек тапқан. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек көрсетіп отырады.


 ЖАНАР ТҰРСЫНҚҰЛОВА, ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ, ӘДІЛЕТ ПОДПОЛКОВНИГІ

Бүгінгі таңда пробация қызметінің есебінде 35 әйел есепте тұрады. Оның ішінде жағдай төмен көпбалаы аналарға Еңбекші ауданы әкімшілігімен бірлесіп азық-түлікпен көмек берілген. Одан бөлек еспте тұрған азаматтардың шарттар мен ережені бұзған азаматтарды үкімде берілген міндеттер мен ережелерді қасақана орындамай пробация қызметінен жалтарған кезінде 20 сотталған азамат бас бостандығынан айырылды. Оның ішінде шарты сотталған азаматтардың үшеуінің мерзімі ұзартылды.


Есепте тұрған азаматтар пробация қызметіне айына 2-рет, тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік пунктіне айына 1-рет барып тұруы міндетті. Сондай-ақ күніне 4 сағат қоғамдық жұмысқа араласады. Айта өтейік, пробация қызметінің бақылауына ілінген азаматтарға кафе, ойын-сауық орталықтарына баруға және түнгі сағат 20:00 ден таңғы сағат 6:00 ге дейін үйінен шығуға тыйым салынған.