Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері сәби өлімі 26,3%-ға, ана өлімі 9,7%-ға төмендеген. Мамандардың сөзінше оң нәтижеге босандыру қызметі мен педиатриялық көмекті дамыту арқылы қол жеткізіліп отыр.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Жаңа туған нәрестелер хирургиясының дамуына байланысты жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500-ге жуық сәби жедел ем алады. Оларды анықтау және емдеу үшін елде тиімді жұмыс істейтін – бір күндік клиникалар, ұрықты сақтау орталықтары, даму және ерте араласу орталықтары құрылған. Жұмыстар оң нәтиже көрсетіп туа бітті кемістігі бар балалардың бастапқы мүгедектігі 7,5%-ға төмендеп, жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 88%-дан 93%-ға дейін өтіп отыр. Қазіргі таңда ел аумағында 75 оңалту орталығы жұмыс істейді. Кадрлық әлеуетті нығайту шеңберінде «Педиатрия» мамандығы қалпына келтіріліп, 14 балалар мамандығы бойынша резидентура бөлінген.