Шымкентте ипотекасын өтей алмаған отбасы баспанасынан айырыла жаздады. Олар ипотекалық компаниямен құны 13 миллион теңгеден асатын пәтерді сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан екен. Кейіннен 2 миллион теңгеден астам қарыз болып қалған. Бұл туралы Шымкент қалалық соты мәлім етті.
Белгілі болғандай, аталған компания отбасы берешегін өндіріп алу, пәтерді жалдау шартын бұзу мен алушыны үйден шығару туралы талаппен сотқа жүгінген. Бірақ, кәмелет жасына толмаған төрт баланың әкесі материалдық жағдайын айтып, бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік сұраған. Дау қалалық сотпен медиация тәртібі арқылы реттеу туралы келісіммен шешілді. Жасалған келісімдерге сәйкес, жауапкер тұрғылықты үйде отбасымен тұруын жалғастырып, салықтық қарызды өтеуге міндеттелді.