Таң атысымен көшеде сыпырғыш пен шелегін ұстап, аялдама маңын мұқият тазалап жүрген жұмысшыны көрдіңіз бе? Олар қаланың тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап, шырайын келтіріп жүрген жандар. Күн сайын 400-ге жуық қызметкер мен 65 арнайы техника Шымкент көшелерінің тазалығы үшін тынымсыз еңбек етеді.
Бұл «Жасыл Жер Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы. Қала үшін ерен еңбек етіп жүрген қызметкерлердің әрқайсысы еңбегімен елге үлгі. Қаланың тазалығы жоспарлы жұмыстың жемісі. Осы істің басы-қасында жүрген аталған серіктестік директорының орынбасары Қалдебек Оразбаев. Ол күн сайын қызметкерлердің жұмыс кестесін үйлестіріп, техника қозғалысын бақылап отырады.
ҚАЛДЫБЕК ОРАЗБАЕВ, «ЖАСЫЛ ЖЕР ШЫМКЕНТ»ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қаратау ауданы бойынша бізде 75 көше бекітілген. Осы көшелердің санитарлық тазалығын және көгалдандыр,у абаттандыру қызметерін атқарамыз.
Жұмысына шынайы берілген, қолынан күрегі мен сыпырғышын тастамайтын Өмірбек Кәрімбаев үшін бұл кәсіп күнкөріс емес, қалаға деген жанашырлық. Таңмен таласа тұрып, қаланың шеткі аудандарын аралап, қоқыс жәшіктерін босатады. Аптап ыстықта да, жауын-шашында да бұл еңбек тоқтамайды.
ӨМІРБЕК КӘРІМБАЕВ, «ЖАСЫЛ ЖЕР» ШЫМКЕНТ ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ
Тазалық жұмыстарына атсалысуға қала тұрғындарында шақырамыз. Тазалық бәріміздің қолымызда.
Қаланың тазалығына жауапты тағы бір жан учаске бастығы Сәуле Мырзаева. Күн сайын жұмысшылардың қауіпсіздігін, қажетті құрал-жабдықтарын қадағалап, тазалық сапасын тексереді. Ол үшін әрбір жұмысшы команда мүшесі. Еңбекке адалдық пен тәртіпті бірінші орынға қояды.
СӘУЛЕ МЫРЗАЕВА, «ЖАСЫЛ ЖЕР» ШЫМКЕНТ ЖШС УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ
Көшеде мусор көп жатады. Қазір жаз айларында су ішкен бөтелкелеріне дейін тастап кетеді. Балмұздақтың сыртын шашып кетеді. Қала тұрғындарын тазалыққа шақырамыз.
Қаланың тазалығы көзге көрінбейтін, бірақ қадірі зор еңбек. «Жасыл Жер Шымкент» серіктестігінің қызметкерлері шаһардың әр бұрышын таза ұстау үшін тынбай еңбек етуде. Олар көше тазалығының қарапайым сарбаздары.