Әр саланың саңлақтары марапатталады. Еңбегімді елесін деген жастар 20-шы шілдеге дейін арнайы байқауға өтінім бере алады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Jas Keñes Siyligi» тәуелсіз жастар сыйлығын өткізу тақырыбында баспасөз брифингі өтті. ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі Озода Маннопова 2025 жылғы «Jas Keñes Siyligi» жастар сыйлығына қатысудың шарттары, биылғы өзгерістері туралы толығырақ айтып берді.


Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген, адал еңбек етіп жүрген жас мамандарға табысталады. Биыл сыйлық құрылымында бірқатар өзгерістер бар. Номинациялардың саны былтырғы жетіден онға дейін артқан. Биыл жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының мамандары қамтылып отыр.


ОЗОДА МАННОПОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

 Ел экономикасы мен қоғам өмірінің маңызды салаларында өзін көрсетіп тынбай еңбек етіп жүрген, адал еңбек етіп жүрген жас мамандарды қолдауға арналған бастама ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің бастамасымен Біз күнделікті қаһармандарымыздың ел игілігі үшін еңбектеніп жүргенін білеміз. Бірақ көбнесе олардың еңбегі назардан тыс қалып жатады.


Сыйлыққа еліміздің 35 жасқа толмаған азаматтары үміткер бола алады. Байқауға өтінімдер 2025 жылғы 20 шілдеге дейін https://www.jas-kenes.kz/application сілтемесі арқылы қабылданады. Конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады, нәтижесінде әр номинация бойынша екі жеңімпаз, жалпы 20 жеңімпаз анықталады. Жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі.


ОЗОДА МАННОПОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

 Алдымен үміткерлер өтінімді толтырады jas-kenes.kz/ сайтына кіріп Содан кейін комиссия жеңімпаздарды анықтайды. Тамыздың аяғында Астана қаласында марапаттау өтеді.


Сыйлықтың әрбір номинациясы белгілі бір сала қызметкерлеріне арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Jas Keñes Siyligi» жастарды қолдау және олардың кәсіби дамуына серпін беру арқылы Қазақстанның барлық өңіріндегі жас мамандардың әлеуетін арттыруды көздейді. Өтінімдерді қабылдау 25 маусымнан бастап, 25 шілдеге дейін жүргізіледі.