Шымкент қаласында 9693 оқушының жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылуда. Балаларға қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жолдама беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Демалыс Бекзат Саттарханов атындағы, Машат-Арасан, Қарлығаш, Үш бұлақ, Таң-Шолпан, Көктөбе және Айсанар секілді лагерлерде өтуде. Қазіргі таңда 3 131 бала жазғы сауықтыру орындарында демалуға мүмкіндік алды. Қалған оқушыларды лагерьлерге кезең-кезеңімен қабылдау жұмыстары жалғасуда. Жазғы демалыс кезеңінде балалар тек тынығып қана қоймай, түрлі танымдық тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдыларды меңгеріп, командалық жұмысқа бейімделеді. Демалысты ұйымдастыру барысында балалардың қауіпсіздігіне, сапалы тамақтануына, медициналық қызметпен қамтылуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне ерекше назар аударылған. Аталған шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, олардың шығармашылық және тұлғалық дамуына ықпал етіп, жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалуына септігін тигізеді.