Қаржы мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты. Алаяқтық схема азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы құрылған.


 Ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып, оларды алдаған. Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған.

Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған.


 ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ, ҚР ҚМА БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын мүлік — екі қымбат көлік және тұрғын үй мен коммерциялық нысан сатып алған. Бұл мүліктер ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.