Келесі жылдан бастап 1 млн қазақстандық үшін МӘМС жүйесіне қаражатты жергілікті бюджет төлейді. Мұны Үкімет басшысы айтты. Бұдан бөлек медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі. Бұл өзгеріс қандай қызметтің тегін көрсетілетінін, ал қайсысы - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қолжетімді болатынын нақты айқындайды. Жаңа жүйе кімге қалай әсер етеді?
Келесі жылдан бастап медициналық қызмет екі негізгі пакетке бөлінеді. Біріншісі – мемлекет кепілдік беретін базалық көмек. Бұған жедел жәрдем, шұғыл жағдайлар, паллиативтік көмек және әлеуметтік маңызы бар ауруларға қатысты тексерулер, сондай-ақ, онкоскринингтің бастапқы зерттеулері, ВИЧ пен туберкулезге тексеру, кейбір созылмалы ауруларға арналған дәрі-дәрмекпен қамту қарастырылған. Бұл қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматқа қолжетімді болады.
ЗАБИРА ОРАЗАЛИЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ КЕАҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Обмен-дж-медсақтандыру-01/26 Әлеуметтік маңызы бар аурулардың скринингтері жартылай осы кепілденідірген көмек аясында өтіп жаста, қалған зерттеулері осы МӘМС аясында өткізілетін болса, осы өзгерістерден кейін әлеуметтік маңызы бар аурулардың скринингтері онкоскринингтің барлық түрі тегін кепілдендірілген көмек аясында көрсеілетін болады.
Ал екіншісі- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы көмек. Бұл арқылы жоспарлы ем-дом, операциялар, ауруды ұзақ уақыт бақылау қызметтері қолжетімді. Жаңа жүйе әсіресе әлеуметтік әлсіз топтар үшін үлкен қолдау болмақ. Жарна төлеуге шамасы жетпейтін 1 млннан астам азамат медициналық көмекті тегін алуға құқылы болмақ. Олардың шығынын жергілікті бюджет төлейді.
СЫМБАТ ТАШКЕНБАЕВА, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ САРАПШЫСЫ
Әлеуметтік осал топқа жататын болғандықтан немесе жұмыссыз деп тіркелген науқастар келген жағдайда оны жергілікті бюджет төлейтін болғандықтан ол науқастарға мед көмек көрсету қолжетімді болып тыбылады. Ол науқастар үшін де біздер үшінде тиімді мед қызмет көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, жарна төлеу шарттары да қайта қаралады. Енді тұрақты жарна төлеген азаматтар жұмыссыз қалса да, алты ай бойы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпайды. Бұл мерзім қазір 3 ай ғана. Министрлік өкілі түзетулердің себебін былайша түсіндірді:
ЛӘЗЗАТ ШОМАНОВА, ҚР ДСМ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Өйткені бізде жыл сайын мед көмекке адамдар көптеп қаралады. Өйткені орташа өмір сүру жасы көбейіп келеді. Және де ттуу көрсетікіш де өзгеріп келеді. Сосын былай айтқанда мед көмектің өзінің бағамы өзгеріп келеді. Жылдан жылға қымбаттап келеді. Дәрігерлер жалақысы да өсті. Соның барлығын есептей келе МӘМС қорына тұрақтылығын қамтамасыз ту үшін осы заң қағидаттары енгізілді.
Мемлекет тарапынан төленетін жарналар мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ. 2027 жылдан бастап 2037 жылға дейін мемлекеттің МӘМС жүйесіне жасайтын аударымдары қазіргі 2,2%-дан 4,7%-ға дейін өседі.