Қоршаған орта тазалығы - әрбір қала тұрғынына ортақ жауапкершілік. Осы ұранды бетке алған "Аманат" партиясы апта сайын "Таза Бейсенбі" эко акциясын ұйымдастырып келеді. Оған жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық адам қатысқан. Еріктілер аула-аумақты абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізген.


Өткен жылы қала аумағында 33 "Таза бейсенбі" өткен. Онда 3,5 мың қала тұрғыны белсенділік танытып, 30 тоннадан аса қоқыс шығарған. Ал биыл жыл басталған 7 айдың ішінде-ақ 27 сенбілік ұйымдастырылып, белсенділер қала аумағын 3 тоннаға жуық қоқыстан арылтқан. Мұның бәрі экологиялық мәдениетті ұштап, шаһар жұртын белсенділікке шақырады дейді жауаптылар.


 ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫНЫҢ М.У.А

 – «Біздің негізгі идеямыз қаламызды таза ұстауға тұрғындарды шақыру. Бастама ретінде біз өзіміз де қоқыс жинап жатырмыз. Аулаларды, өзен бойларын тазалап, тазалықты әр адам өзінен бастау керек екенін көрсетіп жатырмыз.» 


Іс-шараға комунналдық қызметкерлер мен партия өкілдері, аула тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әсел Абдірасилова - Аманат партиясына қарасты «жастар рухы – жастар қанаты» ұйымының белсендісі. Ол апта сайын сенбілікке қатысып, дал-дарақты ақтайды. Жазда қоқыс теріп, қыста қар күрейді. Сабақ пен еріктілік қызметін қатар игерген студент: «қоғамдық жұмыс сабақ үлгеріміме кері әсерін тигізген емес, - дейді.


ӘСЕЛ АБДІРАСИЛОВА, СТУДЕНТ

 – «Бұған уақыт табамын. Өйткені өзімізге тәжірибе. Біз табиғатты қорғауға көмектесеміз. Жан-жақты жиинаймыз. Біз қоғамға жақсы үлгі көрсетеміз. Сондықтан мұндай жұмыстан қалмауға тырысамын.» 


 Кезекті іс-шараға 50-ге жуық азамат қатысты. Олар Тұран ауданына қарасты аула маңын тазалап, күтім көрсетті. Бей-берекет өскен бұталарды кесіп, қоқыс қалдықтарын жинады. Оны жүк көліктегін тиеп, арнайы полигонға жөнелтті.