Түркістан қаласында өткен 2025 жылғы көктем-жаз маусымындағы Әуесқой футбол лигасының ойындары өз мәресіне жетті. Бірнеше айға созылған бәсекеде А, Б, С, Д, +35 жас және Супер лига топтарына бөлініп, жалпы 75 команда тартысты ойындар өткізді.


 Маусым бойы командалар жеңіске жету үшін барын салып, финалдық кезеңде нағыз кәсіби деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Солардың ішінде Супер лига бойынша «MFC YASSI GOROD» командасы сурылып алға шықса, «BEKZAT» құрамасы 2-орынға, «MARKA.KZ» 3-орынды жеңіп алды.


Ал, «А» тобында тартысты ойын көрсеткен «EPSON» командасына тең келер ешкім болмады. «FC ZHUINEK» құрамасы 2-орынды, «ҚАЛА ЖАСТАРЫ» 3-орынды иеленді. «Б» тобы бойынша Бірліктің жігіттері көш басынан көрінсе, «TGJD ZHASTARY» командасы 2-орынға, «СПОРТ КЕНТАУ» құрамасы 3-орынға жайғасты.


«С» тобында ойнағандардың арасында «Фк ШОРНАҚ ПРИНТ» командасы өзгелерден оқ бойы озық болды. 2-орын «FC NOMAD» құрамасына бұйырса, 3-орын «FC SHAMSHI – ліктердің қанжығасына байланды. Ал, «Д» тобы бойынша 1-орын «HOME ELEKTRIC», 2-орын «QUSSHY-ATA», 3-орын «Agrocity-Shypan» командалары иеленсе, «+35 жас» тобында бақ сынаған «NURTAU COMPANY» құрамасы 1-орынды, «MARKA.KZ» 2-орынды, «FC GOROD» командасы 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, үздік шабуылшы, үздік қақпашы және үздік ойыншы аталымдары да табысталды.


Турнирдің басты мақсаты - бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу. Ұйымдастырушылар келесі маусымда қатысушы командалар саны артады деп үміттенеді. Үздіктер алда Алматы қаласында өтетін жарысқа қатысатын болады.