Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен сала субъектілері арасында байқау өтті.
Сайыс 10 бағытта өрбіді. Қатысушылар қыш құмыра, зергерлік бұйым жасау бойынша бақ сынады. Сондай-ақ, ағаш өнері, киім дизайны, киіз үй және тоқыма өнері де қамтылды. Байқауға заманауи виография, фотография, анимация және кино саласының мамандары да қатысты. Әр номинацияға арнайы талаптар қойылды. Қатысушылардың жұмыстарын кәсіби комиссия бағалады. Байқауға жалпы 19 кәсіпкер қатысты. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталатын болады.