Мегаполисте жылыту маусымына дайындық жұмысы жылдағыдан ерте басталды. Қазіргі таңда қаланың бес ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерде сервистік қызмет көрсету мекемелері сығымдау жұмысын жүргізуде. Ал Қуатжылу орталығының мамандары екі шақырымға жуық тозығы жеткен жылу құбырын ауыстырып жатыр.


Шымкенттік тұрғындар биылғы қыстан тоңбай аман шықты. Себебі қаладағы көпқабатты үйлердің жылу жүйесі қалыпқа келтірілген. Сервистік қызмет көрсету компаниясы тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, бұрандаларды жаңартып жатыр.


 МАҚСАТ РАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Жылу науқанына дайындық болып жатыр. Жарамай қалған винтеьдерді аустырып, құбырларды тексеріп қысқы маусымға дайындап жатыр. Өткен қысқы маусым жақсы өтті. Жылы болды. Ешқандай перебойлар жоқ. Биылда жақсы болады деп ойлаймыз.


 КЕНЖЕГҮЛ КАШКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жылу осы екі-үш жыл болды өте керемет болып жатыр. Қыста жылу өте жақсы жанып жатыр. Сантехник Еркінге көп рахмет. Себебі оның алдыңғы жылдары біз мұндай жылу көрмеген едік. Сондықтанда бір жағынан әкімшілікке де көп рахметімізді айтамыз.


Сервистік қызмет көрсету компаниясын өкілі бүгінде көпқабатты үйлерде жылу қысымы қалыпты екенін айтады. Жертөледегі ескірген құбырларды ауыстырып, жаңартып отырады. Мұны тұрғындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Мәселен Еркін Пәрімбековтің мекемесі Әл-Фараби, Тұран аудандарында 50-ге жуық ғимараттың жылуын қадағалайды.


 ЕРКІН ПӘРІМБЕКОВ, СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Қысты күні квартиралар жылымай қалатын болса переплюска жасатып, қай жердің ақауы бар соның барлығын тауып береміз. Стояктарын ауыстырыңыздар деп бірауыз айтамыз. Бұл кісілер Рашидова 27 үйдің Рапия деген домком бар. Сол кісінің арқасында лежак барлығын ауызбіршілікпен доммен бірге ақша жинап біз ауыстырып бергенбіз. Тегін ауыстырып береміз. Қалай отопительный системаны өшіреді содан кейін барып мынаның барлығына ревизия жсап, элеватордың барлығын дайындаймыз. Лежактардың шіріген жерлерін ақауларын кесіп, ауыстырамыз трубалардың барлығын.


Ал Қуатжылу орталығының мамандары биыл қаладағы жылу жүйесінің 98 жерінде ақау анықталғанын айтып отыр. Оның 60-ы қалыпқа келтірілген. Қазіргі таңда 1,9 шақырым жерде құбыр ауыстырылып жатыр.


АЙБЕК ҚОЖАБЕКОВ, «ҚУАТ ЖЫЛУ ОРАТЛЫҒЫ-3» МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ

Жеті үлкен магистралды жерде қазба жұмыстары басталды. Негізі 10 нысан болған қазір үшеуі бітті. Екеуі біту үстінде. Мынау Қалдаяқов пен Төлеби Адырбекова көшесіндегі үлкен 700-дік трубалар арғы жақта 500-дік трубалар диаметрі. Ол жерде 74 метр жолдың астын ауыстыру жоспарланған болатын. Екі жерден уческа болған соң. График жұмысы 8 мен 17 шілде аралығында болған. Қазіргі таңда 16 күні бітіріп көму тегістеп асфальттау жұмысымен айналысатын боламыз.


Сондай-ақ магистралды жылу жүйесін қалыпқа келтіру жұмысы Түркістан мен Байтұрсынов және Тәукехан көшелерінде жүргізілуде. Жөндеу жұмысы Тамыз айына дейін жалғасады. Биыл сонымен қатар шағынаудандардғы ішкі жүйелерге 33 шақырым құбыр тартылмақ. Барлық құрылыс жұмыстары үшін қала бюджетінен 1 миллиард 900 миллионт теңге қаржы қаралып отыр.