Бүгінде Шымкент қаласында жедел медициналық жәрдем жүйесі үздіксіз жұмыс істейді. Қала тұрғындарына дер кезінде, сапалы көмек көрсету үшін жүздеген медицина қызметкері мен 100-ге жуық арнайы көлік тәулік бойы қызметке дайын. Еңбек адамының бір күндік тыныс-тіршілігін көрсету мақсатында түсірілім тобы Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына барып, ақ желеңді абзал жандардың жауапты жұмысына куә болып қайтты.
Қазір қалада 100 ден астам жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олар күн сайын 1200 ден аса шақыртуға шығып, шұғыл шешім қабылдайды. Әр бригада кәсіби мамандармен жасақталып, заманауи құралдармен жабдықталған.
СӘКЕН ОРДАБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БЕКЕТ МЕҢГЕРУШІСІ
Шымкен қаласы бойынша 10 бекет орналастырылған. Ол бекеттердің әрқайсысы әр тұрақты орнатылған. Қызмет сапасы жоғары. Халыққа тез арада жету үшін қаламызда 7 бекет тұрақты түрде жұмыс атқарады. Сонымен қатар Тұран және Әл-Фараби ауданының тұрғындарына да қызымет көрсетеді.
Самат Қонысбай жедел жәрдем станциясының фельдшер дәрігері. Ол бұл салада үш жылдан бері қызмет етіп келеді. Өз ісін жан-тәнімен сүйетін, кез келген жағдайға салқынқанды қарайтын сабырлы маман.
САМАТ ҚОНЫСБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕР ДӘРІГЕРІ
Бұл мамандыққа өз қызығушылығым арқылы түстім. Қызыл дипломға бітіріп, осы мамандықтың енді жемісін көрермін деген ниеттемін. Қызықшылығымен қиындығы қатар жүретін мамандық сонысымен ерекше. Халыққа тез арада көмек созуға асығамын.
Олар әр секундты бағалайтын, жанұшыра көмектесетін жандар. Самат Қонысбай сынды мамандардың ерен еңбегі үнсіз батырлық. Олар туралы көп айтылмаса да, оларсыз қоғамның бір күні де елестетілмейді.