Еңбекші ауданында тозығы жеткен балалар ойын алаңшасы сүріліп, орнына жаңасы орнатылып жатыр. Тұрғындар бұған дейін ескі элементтерде ойнау балалар үшін қауіпті екенін айтқан. Қазір заманауй үлгідегі су жаңа алаңшадан адам қарасы үзілмейді екен. Ал ересектер жағы тренажерлардың есік алдында орнатылғанына қуанып отыр.


Сайрам мен Стадионная көшесінің қиылысындағы 4 көпқабатты үй ауласында бұрын мұнша элементтері бар алаңша болмаған. 960 шаршы метр жерді аудан әкімдігі 4 аумаққа бөліп 2 мен 5 және 6 мен 10 жас аралығындағы балалардың ойнауына ыңғайластырып элементтер орнатқан. Мұндай ерекшеліке жергілікті тұрғындар ризашылығын білдіріп отыр.


СВЕТЛАНА ОСПАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қалалық әкімшілікке көп рахмет! Ауламызды әдемілеп істеп, бұрынғы жағдайымыз өте нашар еді. Қазір көріп тұрғанарыңыздай барлығы әдемі. Керемет, бала шағамыз ойнап таза ыңғайлы болды.


 РОЗА АЛДАБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Құдайға шүкір 5 бала-шағам бар. Оған дейін ойын алаңы жоқ еді. Қазір жаңадан салынды. Балалар жаз ауасында ойнап серігіп жүр. Бұл стадион бізде бар еді. Бірақ мынандай элементтері бар алаң жоқ еді. Қазір енді тренажерныйлар қойылды. Үлкен кісілер бар бізде қарттар бар. Осымен айналысып таңертең, кешкісін дене шынықтырып жүр.


Балалар алаңшасын орнатуда Еңбекші ауданы көш басында. Биыл 35 ойын алаңы мен 5 гүлзар салынып жатыр. Қазіргі таңда оның 34-і қолданысқа беріліп қойған. Барлығы халық қатысатын бюджет жобасы аясында жүзеге асырылуда.


МАРҒҰЛАН ЖОЛДЫАХМЕТ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Балалар алаңшасын салуда бізде кешенді жұмыстар жүргізілді. Тек қана балалар алаңшасы ғана емес, онымен қатар осы үйлерге берілген жылу жүйесінің құбырлары қапталды. Одан бөлек қоқыс жәшіктері мен орындықтары қойылды. Бисеткалар орнатылды. Сонымен қатар ауланың жарық жүйесі орнатылып, 100 паыз жарықтандырылды.


Балалар алаңшасында орнатылған элементтер жергілікті өнім. Экологиялық талапқа сай, кез келген ауа райына төзімді, ұзақ жылға шыдайды дейді жауаптылар. Айта кетейік, халық қатысатын бюджет жабасы аясында биыл аудандағы балалар ойын ааңшасы мен гүлзарларды салуға қала бюджетінен 2 миллиард теңге қаржы қаралған.