Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 мың сәби жүрек ақауымен туады. Оларды емдеп-жазу мақсатында 2 мыңға жуық ота жасалады. Операция үстеліне таңылатындардың басым бөлігі 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Өкінішке қарай балалар арасындағы туа бітті жүрек ауырулары жыл санап артып келеді. Мұның себебі неде? Сақтану жолдары қандай? Әріптесім Қанат Жолдасбек зерттеп көрді.


Лалахан Біржанованың ұлы 11 күн бұрын жүрек ақауымен туған. Диагнозы анықталған соң дәрігерлер жедел шара көріп, күрделі ота жасаған. 4 сағатқа созылған операция сәтті аяқталып, науқас есін жиған. Қазір жағдайы бірқалыпты. Төрт нәресте сүйген ана, бұған дейінгі балаларында мұндай кесел кездеспегенін айтады.


ЛАЛАХАН БІРЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Қазір жақсы жағдайы. Бірқалыпты. Қасымда жатыр.»  «Жақсы барлығы. Тыныс алуы да. Ентікпейді. Барлық жағдайы жақсы.» 


 Жыл санап мұндай диагнозмен туатын балалардың саны көбейіп келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше туа бітті жүрек ақауымен 2023 жылы 47, 2024 жылы - 59 бала дүниеге келген. Жыл басталған жеті ай ішінде-ақ 37 бала осы кеселді арқалап туған. Мұның басты себебі, жүктілікті жіті жоспарламау және ата-ананың денсаулыққа немқұрайлы қарауы салдарынан дейді дәрігерлер.


ТАЛҒАТ БЕРДІБЕКОВ, КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 – «Ата-аналарға байланысты.» «Инфекцияның болуы. Алғашқы үш айда инфекциямен ауырса жүрек ақауларына алып келеді. Одан бөлек тұмаумен қатты ауырса.. Темекі, алкоголь тұтынатын болса.»  «Егер анасында жүрек ақауы болатын болса оның балаларында ол міндетті түрде кездеседі.»  «Жүктілікті жоспарлаған кезде денсаулықты күшейту керек. Егер бұрын ауырған ауырулары болатын болса оның бәрін емдеп содан кейін ғана бала көтеруге болады.» 


Дәрігердің сөзінше, жүрек ақауының екі санаты бар. Бірі жеңіл, бірі күрделі. Аса асқынбаған дертті ақ халаттылар дәрі-дәрмек көмегімен емдеп, операцияға жеткізбеуге тырысады. Ал ауыр түрі уақыт күттірмейді. Оны бала туған бір ай ішінде анықтап, жедел операция жасау қажет.


ТАЛҒАТ БЕРДІБЕКОВ, КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

– «Жеңіл түрі бледный пароктарға жатады. Егер ол бледный парок болатын болса ол балалар бізде бақылауда бола береді. Олар бірден отаға бармайды.»  «Ал егер сини пароктың түрлері бар тез арада көмек беретін. Дер кезінде операция істеуіміз керек.»  «Операциядан өткен науқастан 1 жыл бақылауымызда болады. Рабилитатциядан өтеді» 


 Облыстық балалар ауыруханасы жыл сайын 180 сәби жүрегіне ота жасайды. Мамандарды жетілдіріп, шетелдермен тәжірибе алмасып отырады. Мәселен, жуырда ғана Белорустік дәрігерлер Шымкентке келіп, жергілікті ақ халаттылармен бірге 6 операцияны сәтті жүзеге асырған.