Түркістан қаласында террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелердің қатысуымен арнайы жиын өтті. Басқосуға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және сауда салаларының нысан басшылары қатысты.


Онда қаладағы 200-ден астам нысанның қауіпсіздік деңгейі сараланып, олардың техникалық қорғалуы, бейнебақылау жүйелерінің жағдайы және бақылау-өткізу тәртібі сөз болды. Тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін нысандарға ескерту берілді. Бұл шара –қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.